Ерекше инсталляция қала тұрғындары мен қонақтарының қызығушылығын тудырып отыр.
Алматыдағы сауда-ойын-сауық орталықтарының бірінің алдында әйгілі «Кальмар ойыны» сериалындағы Ён Хи есімді қуыршақтың ескерткіші орнатылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты kazinform-ға сілтеме жасап.
Қалалықтар қуыршақпен суретке түсу үшін арнайы келеді. Назар аударарлығы – алматылық қуыршақтың түпнұсқадан сәл айырмашылығы бар: оның белдемшесінің төменгі бөлігі қазақы ою-өрнекпен безендірілген, бұл мүсінге ұлттық сипат беріп тұр.
Әйгілі «Кальмар ойыны» – 2021 жылы жарық көрген оңтүстік кореялық триллер жанрындағы сериал. Режиссері және сценарий авторы – Хван Дон-хёк.
Сериал 2021 жылы 17 қыркүйекте Netflix платформасында жарық көріп, бірден әлемдік хитке айналды. Туындыда әлеуметтік теңсіздік, қарызға бату, лудомания сияқты тақырыптар қозғалады.
Дереккөз: inbusiness.kz