Ср. Июл 2nd, 2025

Оқыс оқиға Ақмола облысы Бурабай ауданындағы «Көкшетау» маңында болған, деп хабарлайды  inbusiness.kz сайты.

«Кеше, 30 маусым күні күндіз Ақмола облысы Бурабай ауданында 7 адамнан оның ішінде 6 баладан тұратын отбасы, теңіз деңгейінен 920 метр биіктікте орналасқан таудың шыңына көтеріліп, түсу кезінде адасып кетті», – делінген хабарламада.

Отбасы таудан түсу кезінде бірқатар қиындыққа тап болған. Таудың тік еңіс жерлері өздігінен түсуге қауіпті болды, сонымен қатар отбасы мүшелері шаршап кеткен.

Көмек туралы дабыл алған ТЖМ қызметкерлері тез арада оқиға орнына барған. Құтқарушылардың кәсібилігі мен жедел әрекеттерінің арқасында адамдар биіктіктен түсірілді. Медициналық көмекке ешкім мұқтаж болған жоқ.


Дереккөз: inbusiness.kz