Вс. Июн 29th, 2025

«Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының аумағындағы өрт толықтай сөндірілді. 

«24 маусым сағат 14:00-дегі жағдай бойынша «Ақжайық» МТР аумағындағы өрт толығымен сөндірілді. Алдын ала болжам бойынша қызыл жалын 1510 гектар аумақты шарпыған», — делінген хабарламада.

Әкімдіктің мәліметінше, 13 маусымнан бері «Қазавиақұтқару» АҚ МИ-8 екі тікұшағы арқылы 396 тонна су төгілген. Өрт шалған аумақтың ауқымын ұлғайтпау мақсатында тракторлардың көмегімен минералды жолақтар жыртылған.

Жалпы тілсіз жауды толықтай сөндіруге 200-ге тарта адам мен 40 техника жұмылдырылған.

Сондай-ақ өрт қайта тұтанбауы үшін және жағдайды тұрақты бақылау мақсатында ТЖД, полиция және резерват қызметкерлерінің тәулік бойғы кезекшілігі ұйымдастырылған.


ДЕРЕККӨЗ: NUR.KZ