Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет елден кеткенін айтқан режиссер Ермек Тұрсыновқа қатысты мәлімдеме жасады.
«БАҚ сұрауларына жауап ретінде қазіргі уақытта сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Е. Тұрсыновқа қатысты тергеу іс-шараларын жүргізбейтінін хабарлайды.
Осыған байланысты осы азаматтың Facebook әлеуметтік желісінде берген ақпараты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне белгісіз.
Сонымен қатар бұған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке «Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ ішкі аудит қызметінің қорытындысымен және арызымен «Долгое эхо» көркем фильмін дайындау кезінде лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдаланғаны үшін киностудияның бұрынғы басшылығын қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы режиссер Н. жүгінгенін хабарлаймыз. Оның арызы негізінде сотқа дейінгі тергеу басталды.
Қосалқы мердігерлік жұмыстарды жеткізуші Alashfilm ЖШС болып табылды, оның бұрынғы директоры азамат Т. болды.
Бұдан әрі оның бұрын «Тұрсыновфильм» ЖШС аясында режиссер Тұрсыновтың бизнес-серіктесі және серігі болғаны анықталды.
Alashfilm ЖШС бұрынғы директоры Т. қатысуымен куәгер мәртебесінде бірқатар тергеу әрекеті жүргізілді. Тұрсыновтың өзі тергеу органына шақырылмаған. Қазіргі уақытта іс бойынша ешкім күдікті деп танылған жоқ», — делінген хабарламада.
Хабарламада Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейтіні айтылған.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін режиссер Ермек Тұрсынов Facebook желісіндегі парақшасында елден кетуге тура келгенін мәлімдеген еді.
ДЕРЕККӨЗ: NUR.KZ