Пт. Апр 11th, 2025 3:01:52 AM

Жетісуда орманшылар қызыл кітапқа енген қарақұйрықтарды заңсыз аулағаны үшін сотталды

Қаратал аудандық соты сирек кездесетін жануарларды заңсыз аулау ісі бойынша үкім шығарды.

«Былтыр қыркүйекте «Үштөбе орман шаруашылығы» КММ-нің үш қызметкері азаматтық тұлғамен бірлесіп, «УАЗ» қызметтік көлігін пайдаланып, орман шаруашылығы аймағында Қызыл кітапқа енген қарақұйрықтарды заңсыз аулағаны анықталды», -делінген хабарламада.

Соттың үкімі бойынша, ұсталғандардың барлығы ҚР ҚК-нің 337-бабы (заңсыз аңшылық) бойынша кінәлі деп танылып, 3 жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілген.

Сотталушылар мемлекетке келтірілген 7 миллион теңгеге жуық залалды толық өтеген.

Сот үкімі заңды күшіне енді.


ДЕРЕККӨЗ: TENGRINEWS