Пт. Сен 20th, 2024

Шығыс Қазақстан облысы Қатонқарағай ауданы Өрел ауылында 18 қыркүйек күні алғашқы қар жауды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Аталған ауыл Бұқтырма өзенінің жоғарғы ағысында, сол жағалауында орналасқан. Ол арқылы Үлкен Нарын-Рахманов бұлақтары автожолы өтеді.

Катонқарағайда түнде температура -2 градусқа дейін төмендеген, ал күндіз +13 градусқа дейін көтеріледі деп күтіліп отыр. 

Айта кетейік, былтыр бұл аймақта алғашқы қар тамыз айында жауған болатын.


Дереккөз: inbusiness.kz