Қазақстандық спортшы кәсіпқой бокстағы 14-ші жеңісіне жетті.
Иван Дычко Флорида штатының Плант-Сити қаласындағы ProBoxTV-дің шоуында кезекті өнерін көрсетті. Оның қарсыласы 39 жастағы америкалық Крейг Льюис болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Кездесу қорытындысы бойынша Иван Дычко 39 жастағы Крейг Льюисті нокаутқа жіберіп, кәсіпқой бокстағы 14-ші жеңісіне жетті.
Иван Дычко – Олимпиада ойындарының екі дүркін қола жүлдегері әрі әлем чемпионаттарының үш дүркін жүлдегері, Азия ойындарының чемпионы.
Дереккөз: inbusiness.kz