Пт. Ноя 22nd, 2024

Станцияның өндірісі 2080 МВт-тан 320 МВт-қа дейін төмендеді. 

28 маусымда таңғы сағат 5:24-те «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС-де технологиялық ақау орын алып, нәтижесінде №2, 3, 4, 7 энергоблоктары тоқтап қалды. Станцияның өндірісі 2080 МВт-тан 320 МВт-қа дейін төмендеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қазіргі уақытта №2, 4, 8 энергоблоктары жұмыс істеп тұр. Станцияның өндірісі 971 МВт құрайды. Қалған блоктарды іске қосу жұмыстары жүргізілуде.

Атом және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті технологиялық ақауды тергеп-тексеруді бастады.


Источник: Inbusiness.kz