Вс. Ноя 24th, 2024

СІМ ресми өкілі Айбек Смадияровтың айтуынша Собчак та, Грэйс те шетелдік тілші ретінде ведомстводан аккредитация алмаған. 

Сыртқы істер министрлігі ресейлік журналист Ксения Собчак пен блогер, коуч Наталья Грэйстің Қуандық Бишімбаевтың сотына қатысуы жайлы мәлімдеме жасады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

«Алғашқысы да, екіншісі де аккредитациядан өту туралы өтінішпен бізге жүгінген жоқ. Олар сотқа қалай қатысқанын сот өкілдерінен біле аласыздар», — деді Смадияров.

Естеріңізге сала кетейік, 22 сәуірде ресейлік тележүргізуші Ксения Собчак экс-министр Қуандық Бишімбаевтың сотына қатысу үшін Қазақстанға келді.

Ал 24 сәуірде Бишімбаевтың сотына өзін нейропсихолог деп таныстырған ресейлік блогер Наталья Грэйс келген еді. Ол екінші рет сот процесіне кірмейтінін айтып, бәрін “хайп” деп мәлімдеді. Айтуынша, Айтбек бұл оқиғаның коммерциялық жағына қызығып тұр. Сол себепті процесті мүмкіндігінше созып жатыр және осы оқиғадан пайда тапқысы келеді дейді ол.


Дереккөз: Inbusiness.kz