Пт. Ноя 22nd, 2024

Әскери бөлім командирі сарбазды басынан соққанымен, жәбірленуші оны кешірген.  

Осылайша қылмыстық іс сотқа жеткенімен тоқтатылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Ақтаудағы 25744 әскери бөлімінің әскери қызметкері басшылығын айыптады. Командирге қатысты қылмыстық істе бірнеше шектен шыққан әрекеттер бары анықталды. Ол жеке құрамды сапқа тұрғызып, олардың ішінен бірінен өзінің тегін айтуын сұраған. Алайда сарбаз командирдің тегін қате айтқаны үшін тағы да бірнеше соққы алған. Бұдан бөлек, басқа сарбаздар да командирден таяқ жеп, зардап шеккен.

«Сонымен бірге, сапқа тұру кезінде уақыттан кешіккен сарбазға да командир жұдырық жұмсаған. Кейін оны басынан тағы да бірнеше рет ағаш орындықпен ұрған. Ол басын ұстап, ауырсынғанымен командир тоқтамай ұрып, тепкінің астына алған. Сондай-ақ, полигонда тағы бір сарбаздың тісін сындырған», — делінген сот хабарламасында.

Зардап шеккен бес сарбаз командирін кешіріп, өзара татуласқаны туралы жазған. Ал айыпталушы сотта өзінің кінәсін мойындаумен қатар, жәбірленушілердің кешірім бергенімен келісетінін атаған.

Осылайша Ақтөбе гарнизонының әскери соты қылмыстық істі тоқтатып, тараптардың өзара татуласуына байланысты кешірім берген. Cоттың қаулысы әзірге заңды күшіне енген жоқ.


Дереккөз: inbusiness.kz