Бұл туралы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлайды.
Дағдарысты жағдайларды басқару орталығында Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпхановтың төрағалығымен Республикалық жедел штабтың жұмысы жалғасуда, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Айта кету керек, жедел желі телефондарына азаматтардан 800-ден астам қоңырау келіп түскен.
«Алматы облысының аумағындағы 19 нысанда сызаттар анықталды», — деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігі.
Төтенше жағдайлар министрлігінің Ұлттық сейсмологиялық бақылаулар және зерттеулер ғылыми орталығының мамандары жүргізген сейсмикалық жағдайдың бағалауына сәйкес, алдағы күндері Алматы болжамдық полигонында MSK-64K сейсмикалық шкаласы бойынша қарқындылығы жеті баллдан асатын жер сілкінісі күтілмейді.
Еске сала кетсек, осыған дейін, 23 қаңтарға қараған түні Алматы тұрғындары күшті жер сілкінісін сезіп, эвакуациялауға асыққанын жазған болатынбыз.
Сондай-ақ, 24 қаңтар күні таңертең ҚР премьер-министрі Әлихан Смайылов биліктің келісілмеген әрекеттері салдарынан адамдардың үрейге бой алдырғанын мәлімдеді.
Дереккөз: Inbusiness.kz