Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді.
Жақында бесінші сәбиін дүниеге әкелген Алтынай Жорабаева Нұрлан имамның азан шақырып, есім қойғанын айтты.
Нұрлан ұстаз азан шақырып, Аминамыздың атын қойды. Нұрлан имам жетінші күн дегенде «зерек болсын» деп қызымыздың шашын қиды. 40 күннен кейін қазақтың салт-дәстүрі бойынша шашын толық аламыз, — деп жазды ол.
Еске салайық, әнші бесінші перзентін 7 қаңтарда дүниеге әкелген еді.
Дереккөз: Inbusiness.kz