Чт. Дек 12th, 2024

Өлімнің себебі анықталуда. Тиісті сараптама тағайындалып, полиция тергеу жүргізуде.

25 қазанда сағат 10:49-да Төтенше жағдайлар басқармасының күштері мен құралдарын жедел басқару орталығының пультіне Аягөз қаласында жеке үйлердің бірінде түтін шыққандығы туралы хабар келіп түсті.

Оқиға орнына 6 адамнан тұратын құтқарушылар бригадасы жедел жетті.

Өрт сөндірушілер оқиға орнына келгеннен кейін бөлмелердің бірінде 20 шаршы метр аумақта жиһаздар мен жеке заттары жанғанын анықтады. Өрт сағат 11:10-да оқшауланып, 11.24-ге толық сөндірілді. Өрттің себебі анықталуда.

Оқиға орнынан төрт баланың денесі табылды.

Қазіргі уақытта отбасы мүшелеріне барлық қажетті көмек көрсетілуде.


Дереккөз: Inbusiness.kz