Пн. Ноя 25th, 2024

Halyk bank қаржылай және мемлекеттік қызмет ұсыну рәсімін оңтайландырды. Енді қаржы немесе мемлекеттік қызмет алу үшін кеңсеге барудың қажеті жоқ, операциалардың басым бөлігі Halyk мобильді қосымшасында қол жетімді.

Қосымша туралы мамандар Ташкент қаласында өткен қаржылық технологияларды дамыту форумында айтып өтті, деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі Сандуғаш Байғуаныш.

Halyk bank – Қазақстандағы ірі әмбебап коммерциялық банктердің бірі, банк осы заманға сай қаржылық технологиялар жобаларын іске асырады. Онлайн несиелердің 85 пайызы Halyk мобильді қосымшасы арқылы беріледі, сондай-ақ маркет плейс жұмыс істейді, онда бөліп төлеу мүмкіндігі бар.

Жұмабек Мамытов,  Halyk басқарма төрағасының орынбасары:

— Цифрлық экожүйені дамыту мәселесінде біз дамудың басты бағытын белгілеп алдық. Бірінші – өнімдер. Екінші – ұсынылатын цифрлық қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігі. Үшінші – біздің командамыз. Нәтижесінде біз керемет қосымшаны жасап шығардық, осы қосымша арқылы қаншама қызметті ұсына аламыз. Мобильді қосымшада Egov платформасының 45 қызметі қол жетімді.

Нариман Мұқышев,  Halyk басқарма төрағасының орынбасары:

— Мысалға ипотеканы немесе автонесиені рәсімдеуді алайық. Біз кепілді және мәмілені тіркейміз. Осы қызметтер толығымен цифрландырылған. Тұтынушы құжат жинап шаршамайды. Halyk-тың Өзбекстандағы еншілес банкі Tenge bank-тің активтері 500 миллион доллардан асты.Талғат Аюпов, Tenge bank басқарма төрағасының орынбасары: — Ішкі және сыртқы процестерді автоматтандыру операциялық тәуекелдерді барынша төмендетуге мүмкіндік береді. Жұмыс барысында қызметкер жіберуі мүмкін қателіктер саны азаяды, алаяқтық та болмайды. Ал  тұтынушыларға келер болсақ, олар банк бөлімшесіне бармай-ақ қажетті қызметті кез келген жерде ала алады. Halyk Group көршілес елдердің нарығында қаржылай қызметтерді ұсынуды дамытуды жалғастырады.


Ақпарат көзі: HALYK