Вс. Апр 27th, 2025

SCAT әуекомпаниясына жолаушылардың құқығын бұзғаны үшін айыппұл салынды

Ведомствоның мәліметінше, осы жылдың 25 ақпанында жолаушылар «Өскемен– Астана» рейсін ұзақ күтіп қалған.

«Күндізгі уақытта рейстің кешігуі сегіз сағаттан артық болғанына қарамастан, әуекомпания оларды қонақ үйге уақтылы орналастыруды қамтамасыз етпеген. 

Тек кешкі сағат 22:00-ге қарай кезекші прокурордың араласуынан кейін жолаушыларға демалуға орын берілді. Адамдар күні бойы әуежайда тиісті қызметсіз ұшуды күтті», — делінген хабарламада. 

Шығыс Қазақстан облысының көлік прокуратурасы азаматтардың құқықтарының бұзылуына ден қойған.

Тексеру қорытындысы бойынша әуекомпаниясы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, ҚР ӘҚБтК-нің 567-бабының 2-бөлігімен 1000 АЕК мөлшерінде айыппұл салынған.


ДЕРЕККӨЗ: NUR.KZ