Вс. Май 19th, 2024

Биыл «Өмір біреу —  бауыр біреу» ұранымен атап өтіледі. 

2023 жылы жарияланған тақырып гепатиттің қаупін және вирустық ауру профилактикасының қажет екенін тағы бір рет ескертеді.

Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

ДДҰ-ның басты мақсаты — бауыр ауруларының алдын алу және 2023 жылға қарай гепатитті толығымен жою. Статистикаға сәйкес, 2019 жылы әлемде С гепатитінің созылмалы инфекциясымен өмір сүретін 58 миллион адам болды, бұл жыл сайын шамамен 400 000 адамның өліміне әкеледі. Диагноз созылмалы С гепатитімен ауыратын 58 миллион адамның 21%-інде ғана анықталды, тек 13%-ы емделді. ДДҰ-ның жаңа жаһандық стратегиясы 2030 жылға қарай вирустық гепатитті жоюдың жаңа мақсаттарын белгілейді. Ол жаңа жұқтыру жағдайларының санын 90%-ға қысқартуға және өлім-жітімді 65%-ға төмендетуге бағытталған.

2022 жылдың қорытындысы бойынша 194 000-нан астам адам С вирустық гепатитін анықтауға серологиялық тестілеуден өтті, 31 642 адам диспансерлік есепте тұр, 700 адам алғаш рет анықталды. С вирустық гепатитімен ауыратын ересек пациенттерді емдеу үшін ҚР-да «софосбувир/даклатасвир», «софосбувир/велпатасвир» және «гликапревир/пибрентасвир» режимдері тіркелген. 2022 жылы 30 мыңнан астам ересек пациент «софосбувир/даклатасвир» комбинациясы арқылы терапия алды. Бүгінде қауіпсіз вакциналар мен В гепатитін емдеудің тиімді әдістері, сондай-ақ С гепатитін толығымен емдейтін дәрілер бар.


Ақпарат көзі: inbusiness.kz