«Наурызнама» онкүндігінің соңғы күні ұлттық экологиялық науқанға арналған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Тазару күні – мемлекеттің экологиялық түйткілдерді шешуге бағытталған іс-шараларына азаматтарды қолдау білдіруі.
Бұл күн азаматтарға қоршаған ортаны қорғау туралы түсінікті кең таратып, қоғамда экологиялық мәдениетті дамытуға мүмкіндік береді.
Наурыз мерекесі ертеден табиғат тазалығын сақтауды үндейді. Мерекенің мәні – қыстан көктемге көшу, табиғаттың жаңа өмір бастауы осының нышаны.
Дереккөз: Inbusiness.kz