Вс. Ноя 24th, 2024

Ал келесі жылы «Air Astana» компаниясының акциялары IPO-ға шығарылады. 

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров мемлекеттің экономикадағы үлесін қысқарту бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Ведомство басшысының айтуынша, мемлекеттің бизнестен кетуі есебінен мемлекет қосымша экономика үшін қолайлы жағдайлар жасап жатыр.

«Квазимемлекеттік сектор субъектілерін бәсекелестік ортаға беру жалғасын тапты. 2025 жылға дейінгі жекешелендіру жоспарының орындалуы 66%-ды құрайды. Биыл 5%-ға дейін «Kegoc» SPO-сы, 2024 жылы – «Эйр Астана», 2025 жылы – «QazaqGaz», «ҚТЖ», «Самұрық-Энерго» IPO-сы жоспарланып отыр», — деді ол Сенатта өткен Үкімет сағатында.

Сонымен қатар 2025 жылдың соңына дейін квазимемлекеттік сектор субъектілерін құруға мораторий енгізілмек.

Еске салайық, осыған дейін келесі жылдан бастап бизнеске салынатын айыппұл саны бірнеше есе азаятынын жазған болатынбыз.


Дереккөз: Inbusiness.kz