Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті хабарлады.
Шекарада 112 тоннадан астам көлемдегі жанар-жағармай материалдарын заңсыз өткізудің 1342 әрекеті тіркелді, деп жазады inbusiness.kz cайты.
ҰҚК Шекара қызметі мұнай өнімдерінің мемлекеттік шекара арқылы заңсыз шығаруына жол бермеу жөнінде шаралар қабылдап жатыр.
«Тек осы жылдың 1-21 шілдесі аралығында өткізу пункттерінде 112 тоннадан астам көлемдегі жанар-жағармай материалдарын заңсыз өткізудің 1342 әрекеті тіркелген», – делінген комитет таратқан ақпаратта.
Кінәлі адамдар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапқа тартылды.
Айта кетейік, елімізде заңсыз жанар-жағармай тасымалымен күрес үшін шекараға 59 полиция бекеті орнатылды.
Дереккөз: inbusiness.kz