Пн. Ноя 25th, 2024

Осы күні көктемгі ағаш егу дәстүрін жалғастыру ұсынылды. 

“Жаңару” күні барша азаматтарды ортақ мақсаттарға жету жолында бірігуге және ынтымақта болуға үндейді, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Бұл күн ел өмірінде және әрбір қазақстандықтың өмірінде жаңа кезеңнің басталуын білдіреді. Бұл – алға жаңа мақсат қойып, жаңа жобаларды бастау, елдің жаңа басшылығының саяси ерік-жігері мен прагматикалық ұстанымының арқасында өмірді жақсылыққа қарай өзгерту туралы шешім қабылдау уақыты.

19 наурыз – Жаңару күні. Осы мезгілде табиғат түрленіп, тіршілік қайта жанданады. Тек атаулы күннің табиғаттың түрленуіне ғана емес, елдегі саяси өзгерістерге де қатысы бар. Осыдан 5 жыл бұрын ел тағдыры үшін маңызды шешім қабылданды. Еске салсақ, Экс-президент дәл осы күні өзінің биліктен кететінін мәлімдеген болатын.


Дереккөз: inbusiness.kz