Ср. Янв 22nd, 2025

Қарағанды облысында қатты жел салдарынан автобус аударылып қалды. Полиция қызметкерлері жолаушыларға көмек көрсетті, зардап шеккендер жоқ

Ішкі істер министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, 21 қаңтарда сағат 08:54 шамасында республикалық маңызы бар Бастау — Ақтау — Теміртау автожолында, Петровка ауылының маңында Ботақара — Қарағанды бағыты бойынша жүріп бара жатқан №84 маршруттық автобус аударылып қалды.

«Алдын ала мәліметтер бойынша оқиғаға қатты желдің екпіні себеп болған. Оқиға болған сәтте автобустың ішінде 17 жолаушы болған. Зардап шеккендер жоқ. Полиция қызметкерлері оқиға орнына жылдам жетіп, жолаушыларға көмек көрсетті. Оларды өтіп бара жатқан көліктермен үйлеріне жетуіне атсалысты», — делінген хабарламада.


ДЕРЕККӨЗ: NUR.KZ