Ср. Ноя 13th, 2024

Бокстан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы 17 медаль жеңіп алды

Черногорияда өткен 23 жасқа дейінгі жастар арасындағы бокстан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы 17 медаль жеңіп алып, жалпы командалық есепте бірінші орынға ие болды.

Қазақстандықтар Өзбекстан мен Ресейді артта қалдырып, 6 алтын, 1 күміс және 10 қола медальға қол жеткізді. Алтын медаль иегерлері қатарында Боранбек Бексұлтан, Торехан Сабырхан, Өнер Сейілхан, Санжар-Әли Бегалиев, Елянұр Тұрғанова және Аружан Зейнуллаева бар.

Күміс медальді Улдана Таубай жеңіп алды. Есесіне, Төрехан Сабырхан әлем чемпионатының ең үздік боксшысы атанды. Байрақты бәсекедегі тарихи жеңіс қазақ елінің еңсесін көтергені анық. Ендігі мақсат Олимпиада шығын бағындыру.


Дереккөз: SPORTARENA