Бұл туралы өңірдің денсаулық сақтау басқармасы хабарлайды.
Кейінгі 2 айда 147 адам ауруға шалдыққан. Олардың арасында 90%-дан астамы 14 жасқа толмаған бала. Дерттің негізгі ошағы облыстағы 13 мектеп пен 12 балабақшада анықталды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Сонымен қатар, ауру жұқтырғандардың басым бөлігі екпе салдырмаған. Өңір бойынша, 13 мыңға тарта адам иммундау процесінен өтуге тиіс болды. Алайда, қазіргі көрсеткіш 50%-ға да жетпейді. Қазіргі таңда, дәрігерлер тұрғындарға екпенің қажеттілігін түсіндіріп, үгіт-насихат жұмыстарын күшейтуде.
«Қызылша дерті жаппай тарала бастаған соң, 210 орындық арнайы инфекциялық стационар жасақталды. Емдеу мекемелерінде орын тапшылығы жоқ. Тиісінше ем-дом жасалып жатыр. Қуантатыны, бүгінге дейін кісі өлімі тіркелген жоқ және жүкті әйелдер арасында жұқпалы дерт анықталған жоқ», — деп түсіндірді Ұлытау облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Еркебұлан Бейсембаев.
Дереккөз: Inbusiness.kz