Пн. Фев 3rd, 2025

Ұлттық қауіпсіздік комитеті 2025 жылдың басынан бері заңсыз айналымнан қанша қару мен оқ-дәрі тәркіленгенін хабарлады

2025 жылдың басынан бастап Ұлттық қауіпсіздік комитеті полиция және прокуратура органдарымен бірлесіп қаруды іздестіру және заңсыз айналымнан алу бойынша бірқатар жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді.

«Нәтижесінде 8 «Калашников» автоматы, 25 тапанша, 23 мылтық, 17 граната, әртүрлі калибрдегі 1521 оқ-дәрі табылды және тәркіленді. Көрсетілген қару-жарақтардың төртеуі қаңтар оқиғалары кезінде ұрланғаны анықталды», — делінген хабарламада.

Осы деректері бойынша тергеу-жедел іс-шаралары жүргізіліп жатыр.


ДЕРЕККӨЗ: TENGRINEWS