Сб. Июл 5th, 2025

Лас-Вегаста беделді халықаралық United States Smash 2025 үстел теннисі турнирі басталды.

Қазақстан атынан бұл жарысқа ұлттық құраманың көшбасшысы Кирилл Герасименко қатысуда. Спортшы жарысты сенімді бастады: алғашқы айналымда ол бельгиялық Мартин Аллегроны 3:1 есебімен жеңіп шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz Оlympic.kz-ке сілтеме жасап.

Келесі кезеңде Герасименко Гонконгтен Хо Кван Кит пен Мексикалық Маркос Мадрид жұбының жеңімпазымен кездеседі.

Айта кетейік, Кирилл Герасименко бұған дейін де әлемдік деңгейдегі мықты бәсекелестікке төтеп бере алатынын бірнеше рет дәлелдеген.

Бұған дейін қазақстандық спортшының Лас-Вегаста өтетін беделді United States Smash турниріне қатысатыны хабарланған болатын.

Қазақстан үстел теннисі федерациясының президенті — Данияр Әбілғазин.

Дереккөз: inbusiness.kz