Ср. Мар 12th, 2025

Астанада бала қаза тапқан жол апатының мән-жайы айтылды. Қазіргі уақытта жол-көлік оқиғасын жасаған жүргізушіге қатысты бұлтартпау шарасын таңдау мәселесі қарастырылып жатыр

Полиция мәліметінше, қылмыстық іс қозғалған. Сондай-ақ, қыздың жолды белгіленген жерден кесіп өткені белгілі болды.

«Жүк көлігінің жүргізушісі Бейсекбаев көшесімен келе жатып, Кенесары көшесімен қиылыста бұрылу кезінде рұқсат етілген бағдаршам сигналына өтіп бара жатқан кәмелетке толмаған жаяу жүргіншіні қағып кетті.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші ауыр жарақат алып, оқиға орнында көз жұмды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Жүргізушіге қатысты бұлтартпау шарасы қарастырылып жатыр», – деп мәлімдеді Астана Полиция департаменті.


ДЕРЕККӨЗ: TENGRINEWS