Чт. Янв 30th, 2025

Интерпол іздеп жүрген жүрген қазақстандық Бішкекте ұсталды

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, 1985 жылы туған А.Д.-ға шенеунікке пара берді деген айып тағылған. Оны ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі іздестірген.

«Қолда бар ақпаратқа сәйкес, 2022 жылғы желтоқсан мен 2023 жылғы қараша аралығында логистикалық компанияның иесі А.Д. тауарларды шетелге жеткізбек болған. Кедендік рәсімдерді айналып өту үшін ол кеден қызметкерлерімен сөз байласқан. Бұл аралықта күдікті пара ретінде 16 500 доллар берген», — деп хабарлады Қырғызстан ІІМ.

Күдікті Қырғызстан заңнамасына сәйкес, одан әрі процессуалдық әрекеттерді жасау үшін Октябрь аудандық ішкі істер басқармасының тергеу қызметіне жеткізілді.


ДЕРЕККӨЗ: TENGRINEWS