Вт. Дек 3rd, 2024

Бұл туралы прокурор Айжан Аймағанова айтты. 

Бүгін Астанада азаматтық некедегі әйелі Салтанат Нүкенованы «қатыгездікпен өлтірді» деген айып тағылған экс-министр Қуандық Бишімбаевтың соты өтіп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

«Құрметті алқабилер, адамды бір нәрсе үшін өлтіру керек пе? Бишімбаев Салтанатты қызғаныштан өлтірді. Тағы бір маңызды нәрсе — Бишімбаевтың қорғаушылары айыптау актінде Салтанат өлген уақыт екі түрлі келтірілгенін, Салтанат кешкі уақытта қайтыс болғанын айтады. Бұл олай емес. Егер айыптау актін дұрыстап қарасақ, Бишімбаев 9 қарашаға қараған түн ұра бастағаны жазылған. Оған куәгерлердің айғағы да дәлел», — дейді прокурор. 


Дереккөз: Inbusiness.kz