Чт. Май 9th, 2024

Бұл туралы облыстық прокуратура мәлім етті.

Қостанай облысы Қарабалық ауданының прокуратурасы мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ұзақ мерзімді орман пайдалануды ұсынудың заңдылығын талдау барысында орман заңнамасының бұзылғанын анықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

«Мәселен, 2019 жылы «Михайлов орман шаруашылығы мекемесі» КММ мен «С.П. Жулёва» шаруа қожалығы арасында ауданы 2 201,9 га мемлекеттік орман қоры учаскелерінде 49 жылға дейінгі мерзімге ұзақ мерзімді орман пайдалану шарты жасалды.

2021 жылдың наурызыңда «С.П. Жулёва» ШҚ өз шешімімен шаруа қожалығынан «Шағатай Агро» ЖШС-не бөлу жолымен жалған қайта құруды жүргізеді, оның құрылтайшысы да С.П. Жулёва.

2021 жылдың сәуірінде Михайловск орман шаруашылығы мекемесі «Шағатай Агро» ЖШС-мен 49 жылға дейінгі мерзімге орман пайдалану құқығымен қосымша келісім жасасады.

Алайда, Орман кодексінің 35-бабына енгізілген өзгерістерге сәйкес 2021 жылдың басынан бастап мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман ресурстарын ұзақ мерзімді орман пайдалануға беру мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталын электрондық нысанда пайдалана отырып, тендер өткізу жолымен ғана жүргізіледі», деп жазды прокуратурадан.

Мәліметке қарағанда, кадастрлық құны 30,5 млн теңге болатын 2 мың гектар орман қорын заңсыз иеліктен шығарудың алдын алу мақсатында аудан прокуратурасы негізсіз иеліктен шығарудың алдын алған қадағалау актісін енгізді.


Ақпарат көзі: inbusiness.kz