Пт. Ноя 22nd, 2024

Қысқа мерзім ішінде университет Қазақстандағы жоғары техникалық білім берудің жаңа көшбасшысы атанып, ірі компаниялар үшін мамандар даярлауда табысты нәтижеге жетті.

Қазақстан-Британ техникалық университеті (ҚБТУ) жоғары сапа стандарттарына сай әлемдік білім беру жүйесімен, корпоративтік және мемлекеттік қоғамдастықпен етене араласуымен ерекшеленетін өңірдегі жетекші техникалық университеттердің бірі. 2001 жылы ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған Университет — академиялық адалдық, инновациялық тәсіл мен дәстүрдің сәтті үлесімі.

ҚБТУ әлемдік экономиканың түрлі салалары үшін ғылыми элита мен жоғары білікті кадрларды оқытумен және даярлаумен, ғылыми зерттеу жұмыстарымен айналысады. Университеттің сапасы мен академиялық үлгерімін арттыруға деген ұмтылысы ҚБТУ-дың Консультативтік кеңеске қатысуынан-ақ байқалады.

Университеттің профессорлық-оқытушылық құрамы көпұлтты, мұнда математика, физика ғылымының майталмандары еңбек етеді. Университеттің штаттық оқытушыларының жалпы санының 30%-ы — Ұлыбритания, Германия, АҚШ, Канада, Венгрия, Корея, Үндістан мен басқа елдерден келген шетелдік оқытушылар. Бизнес мектебінде бұл пайыз 60%-ға дейін жетіп отыр, ал MBA бағдарламаларында барлық оқытушылар шетелдік мамандар. Жыл сайын университет халықаралық оқу тәжірибесін шыңдай отырып, 40-тан астам шетелдік оқытушыларды университетке шақырады. Оқытушылар құрамының шамамен 70%-ы Ph.D дәрежесіне ие. 

ҚБТУ-дың профессорлық-оқытушылық құрамы Massachusetts Institute of Technology (АҚШ), Harvard University (АҚШ), London Business School (Ұлыбритания), The Robert Gordon University (Шотландия) сынды университеттерде қызмет етіп, ғылым мен білім беруде үлкен тәжірибесі бар ұстаздардан тұрады. 

Университет түлектерінің 90%-дан астамы еш қиындықсыз жұмысқа орналасады, ал кейбірі оқуын магистратурада жалғастырады. Түлектердің көпшілігі Қазақстандағы және бүкіл әлемдегі жетекші халықаралық мұнай-газ компанияларында, консалтингтік компанияларда өз орнын тапқан. 

Инвестиция — сапалы білім негізі

Университет студенттер мен зерттеушілерге инновациялық жобалар үшін заманауи жабдықтар мен ғылыми зертханалар ұсыну арқылы өзінің дамуына инвестиция құюды біз мезетке болсын тоқтатқан емес. Университет сонымен қатар әлемдегі ең үздік университеттермен ынтымақтаса отырып, халықаралық байланыстарды белсенді дамытып келеді. ҚБТУ Лондон университетімен, Гарвард бизнес мектебімен, Киото технологиялық институтымен, В. И. Губкина атындағы Ресей мемлекеттік мұнай және газ университетімен, Рединг университеті, Нортгемптон университеті, Козминский Университеті және басқалармен серіктестік байланыс орнатты.

ҚБТУ QS халықаралық рейтингінде ұсынылған. QS университеттерінің жаһандық рейтингіне сәйкес ҚБТУ Орталық Азия мен Шығыс Еуропа өңіріндегі үздік университеттердің 30%-ы қатарында әрі Қазақстанның 5 үздік университетінің тізіміне кіреді. ҚБТУ бағдарламалары ABET, ACBSP, IQAA, CIMA, ACCA, CFA аккредиттеуінің арқасында халықаралық қауымдастықпен мойындалды. 

Университеттер үшін қысқа мерзім ішінде ҚБТУ экономиканың базалық салалары үшін, сонымен қатар High-Tech саласында да ғылыми зерттеулер жүргізетін Қазақстандағы жоғары техникалық білім берудің жаңа көшбасшысы атанып үлгерді. ҚБТУ Қазақстан экономикасына инвестиция салушы ірі әлемдік компаниялар үшін маман дайындауда да іргелі жетістіктерге жетті. Университет Еуропа, Америка мен Азия университеттері арасындағы Континентаралық зияткерлік олимпиадалар кубогын, сондай-ақ БҰҰ-ның пікірсайыс турнирін және компьютерлік бағдарламалау бойынша Қазақстан мен Орталық Азия чемпионатын жеңіп алып, ерекше нәтижелерге қол жеткізді. 

Көзге көрінер артықшылықтар

Ағылшын тілін еркін меңгерген әрі IT-технологиялардың тілін білетін біздің түлектер шетелдік инвестор компанияларында өздерін кәсіби маман ретінде танытып келеді. Әлемдік аренада университет мұнай-газ нысандарында жұмыс істейтін ұлттық командалар арасында өткен Мысырдағы Invensys жарысында I орын алды. ҚБТУ-дың «Ferrum Logic» командасы ҚР Ұлттық инновациялық қорының жобалар байқауында I орын алды.

Университеттің жетістіктері Қазақстан мен Ұлыбритания көшбасшыларынан қолдау тапты. Нұрсұлтан Назарбаев ҚБТУ-ды Нобель сыйлығының лауреаты Джером Карле басқаратын Дүниежүзілік Инновациялық қордың серіктесі деп анықтады. Йорк герцогы (ханзада Эндрю) үздік студенттік көшбасшылар үшін өзінің жеке стипендиясын тағайындап, ҚБТУ магистратурасының алғашқы түлектеріне дипломдар табыс етті.

2009 жылы ҚБТУ Ұлыбританияда өзінің инженерлік бағдарламаларының Халықаралық аккредитациясын (Ұлыбританияның Корольдік грамотасы мен Инженерлік кеңесінің лицензиясына сәйкес аккредитацияны жүргізетін әлемдегі ең ірі Теңіз инжинирингі, ғылым және технология институтынан) алған алғашқы (және осы уақытқа дейін жалғыз) отандық жоғары оқу орны болды. 

Сол 2009 жылы ҚБТУ «Affiliate Centre University of London» мәртебесіне ие болып, Джон Кеннеди, Джордж Сорос, Романо Проди, Пьер Трюдо, Маргарет II патшайымы сынды әлемдік танымалдылыққа ие қайраткерлер білім алған Лондон Экономика мектебімен (LSE) бірлескен бағдарлама түлектеріне Лондон университетінің дипломын беру құқығын алды. 

2011 жылы ҚБТУ АҚШ-та өзінің компьютерлік бағдарламаларының Халықаралық аккредитациясын алған алғашқы отандық жоғары оқу орны болды (ең беделді америкалық ABET агенттігінде (Accreditation board for Engineering and Technology).

Университет әлемдік білім беру кеңістігіне одан әрі интеграциялануға ұмтылады және халықаралық академиялық рейтингтерге белсенді қатысады. 2010 және 2011 жылдары Қазақстанның үздік техникалық университеті (БСҚБТА рейтингі) бола отырып, ҚБТУ Америка AACSB қауымдастығының (Associationto Advance Collegiate Schools of Business) мүшелігіне кіріп, экономика және қаржы саласындағы бағдарламаларды халықаралық аккредиттеуге өтінім берді.

2023 жылы университет ішкі гранттарға 613 050 000 теңге бөлді. Оларды алған студенттер GPA-ді жоғары деңгейде ұстау арқылы әрі қарай оқу құқығын растап отыруы керек. Бүкіл оқу кезеңіндегі оқу ақысы 2 млрд теңгеден астам соманы құрайды. ҚБТУ-да бірегей білім беру бағдарламалары — Қазақстан Теңіз академиясы мен Лондон Экономика мектебі (LSE) жұмыс істейді, олар Қордың қолдауының арқасында университет үшін қиын кезеңдерде де жабылмады. LSE-мен бірлескен бағдарлама — қазіргі уақытта әлемдегі жалғыз бағдарлама.

Болашаққа бағдар

ҚБТУ білім-ғылыммен және индустриямен тығыз байланыста болатын зерттеу типті университетке айналуды мақсат тұтады. Университет өзінің әлеуметтік жауапкершілігін тек түлектердің сапалы дайындығынан ғана емес, сонымен қатар техникалық элитаның жаңа толқынын қалыптастыру миссиясынан да көреді. Тұрғын үйге мұқтаж қаладан тыс студенттер үшін ҚБТУ Магистранттар мен студенттер үйінде (МмСҮ) орын ұсынады. 1 гектардан астам қорғалатын аумақта орналасқан бұл үй төрт ғимараттан тұрады және 671 адамға арналып салынған. Сондай-ақ, университетте халықтың әлеуметтік осал топтарының студенттеріне жатақханада тұруға және білім алуға жеңілдіктер беру арқылы қолдау көрсетіледі.

ҚБТУ-да Қор ашылғанға дейін 1600 студент оқыды, 250-ге жуық оқытушылар мен қызметкерлер жұмыс істеді. Ал Қор негізгі акционері ретінде іске кіріскенде студенттер саны 6000 адамға дейін өсті, 960 студентке арналған екі жаңа жатақхана мен заманауи спорт кешені салынды (пайдалануға беру 2023 жылдың 20 желтоқсанына жоспарланған).

2023 жылғы 27-28 қарашада «University Alliance of Science and Technology» ЖОО альянсы «IT Fest-2023» форумын өткізуді жоспарлап отыр. «IT Fest-2023» қатысушылары мектептердің, колледждердің, жоғары оқу орындарының білім алушылары мен оқытушылары болады, олар ақпараттық технологиялардың заманауи әлемін зерттеуге және ғылым мен инновациядағы жаңа трендтермен танысуға мүмкіндік алады.
 
Іс-шара 7 негізгі секцияны қамтиды:
 
1. Ақпараттық технологиялар — әр түрлі салаларда ақпараттық технологиялардың практикалық қолданылуын көрсетуге арналған алаң ашылады. 

2. Кино және видео-қатысушыларға бейне және фотоөнер саласындағы кәсіби дағдылары мен шығармашылық қабілеттерін көрсетуге мүмкіндік беріледі. 

3. CyberSecurity — киберқауіпсіздік мәселелеріне арналған.

4. CyberSport — киберспортқа да назар аударылады.

5. Дизайн және анимация — дизайн мен анимацияға бағытталған.

6. Дайын шешімдер — қазылар алқасының мүшелеріне стартап-жобаларды ұсыну платформасын ұйымдастырылады.

7. Робототехника — қатысушыларға өз жобаларын, соның ішінде визуализацияны, роботтардың техникалық және бағдарламалық бөлігі туралы ақпаратты ұсынуға мүмкіндік береді.

8. IT FEST OPEN – спорттық бағдарламалау олимпиадасы — қатысушыларға өз дағдыларын көрсетуге және әр шешілшен есеп үшін баға алуға мүмкіндік береді. Жеңімпаздарды дұрыс шешілген міндеттер саны мен айыппұл уақыты бойынша көшбасшылар тақтасы анықтайды.
 

«IT Fest-2023»-те ақпараттық технологиялар саласындағы тәжірибесі мен  инновациялармен бөлісуге дайын шетелдік спикерлер мен сарапшылар сөз сөйлейді. Сонымен қатар, аталған іс-шара аясында мемлекеттік және квазимемлекеттік органдардың, білім беру ұйымдары мен бизнес-қоғамдастықтардың өкілдері өзекті мәселелерді талқылап, оларды шешу жолдарын пысықтайтын дөңгелек үстелдер өткізу жоспарланған.
 
Іс-шара 2023 жылғы 27-28 қарашада Астана қ., Гейдар Әлиев к-сі, 12, Конгресс орталығында өтеді.


Дереккөз: Inbusiness.kz