Ср. Июн 10th, 2026

Үкімет мемлекеттік борыш белгіленген деңгейде екенін алға тартты.

Қаржы министрі Мәди Такиев 2025 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы Мәжілістің жалпы отырысында есеп берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

«2025 жылдың қорытындысы бойынша экономика 6,5% өсті. Салыстырмалы түрде айтсақ, 2024 жылы жалпы ішкі өнімнің өсімі 5% құраған еді. Өсімге негіз болған, көлік, құрылыс, тау-кен өнеркәсібі және сауда салалары. Бұл ретте инфляциялық қысым сақтала отырып, 12,3% деңгейінде қалыптасты», – деді министр.

Мәди Такиев орташа айлық жалақы 442 мың теңге деңгейінде қалыптасқанын атап өтті. Жұмыссыздық деңгейі жыл бойы тұрақты 4,6% болған.

«Мемлекеттік борыш белгіленген деңгейде тұр. Жыл қорытындысы бойынша, жалпы ішкі өнімнің 22,8% немесе 36,4 трлн теңгені құрады. Ұлттық қордың активтері 2025 жылдың аяғында 73,8 млрд доллар құрады, оның ішінде валюталық қордың активтері 63,9 млрд доллар болды», –  деп атап өтті Қаржы министрі Мәди Такиев.


Дереккөз: Inbusiness.kz

Бөлісу