Пн. Янв 13th, 2025

Әлібек Қайырбек Килиманджаро тауында қазақтың қасиетті домбырасын тартып, Құрманғазының «Адай» күйін орындады.

Өнер ордасының баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театрының Халық аспаптар ансамблінің мүшесі Әлібек Қайырбек Африканың ең биік шыңы – Килиманджаро тауында қазақтың қасиетті домбырасымен күй тартты.

«Бұл – ұлттық өнеріміздің ерекше үнін тау шыңында танытқан бірегей сәт. Әлібек Қайырбекті осы жетістігімен барша театр ұжымы атынан шын жүректен құттықтаймыз», — деп жазылған жазбада.

Еске салайық, 2024 жылғы тамыз айында қазақстандық Әлібек Қайырбек Еуропаның ең биік шыңы – Эльбрусты бағындырып, «Адай» күйін тартқан болатын.


ДЕРЕККӨЗ: NUR.KZ