Пт. Ноя 22nd, 2024

Астаналық оқушы Әли Насырбек жыл сайын өтетін Copernicus Olympiad сайысына қатысып, әлемнің үздік математигі атанды, деп хабарлады turkystan.kz qazaqstan.tv-ға сілтеме жасап.

Жарысқа 23 елден 360 оқушы іріктелген. Қазақстан намысын 51 бала қорғады. Дүбірлі додада топ жарған оқушы болашақта үздік оқу орындарына түскісі келеді.

«Байқау АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында өтті. Біз әлемнің ең мықты оқу орындарының бірі Колумбия университетінде болдық. Кейін Бостонға барып, Гарвард пен МІТ университеттерін көрдік. Мен МІТ-ге түсуді армандаймын», – деді Copernicus Olympiad жеңімпазы Әли Насырбек.


Ақпарат көзі: turkystan.kz