Вс. Июн 29th, 2025

Көлік министрлігі Таяу Шығыстағы жағдайдың шиеленісуіне байланысты қазақстандық әуекомпаниялардың рейстерін уақытша тоқтатуына қатысты пікір білдірді

«Мәжбүрлі шаралар қаруды қолдану қаупі, навигациялық жүйелердің дұрыс жұмыс істемеуі, әуе қорғанысы жүйелерінің белсенділігі және азаматтық әуе кемелерінің ұшуы үшін жоғары тәуекелдерге байланысты қабылданды», — делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, шектеулер келесі елдерде қолданылады:

  • Израиль әуе кеңістігі толық жабық;
  • Иран әуе кеңістігі толық жабық, (оның ішінде Парсы және Оман шығанақтары);
  • Ирак, Иордания, Ливан зымыран мен дрон шабуыл қаупіне сәйкес ұшуларды уақытша шектеу енгізді;
  • Кувейт, Бахрейн, БАӘ-рейстерді шектеу және тоқтату, ішінара қақтығыс аймағына жақын маршруттарды бұғаттау.

Ірі халықаралық әуетасымалдаушылар да рейстерді уақытша тоқтатқаны айтылды.

«Олардың қатарында Air France-KLM, United, American Airlines, Japan Airlines, Air Canada Дубай, Доха және Эр-Риядқа ұшуды тоқтатты. Qatar Airways ұшу кестесін реттейді. Etihad ресми ескерту жасады. Emirates қақтығыс аймағын айналып, ұшуды жалғастырып жатыр».

Осыған байланысты қазақстандық әуекомпаниялар қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Дубай мен Доха қалаларына бірқатар рейсті уақытша тоқтатты.

Елімізден шетелге шықпақшы адам саны — 683 болса, шетелден елге оралатын адам саны — 1051 адам. Жалпы алғанда бұл жағдай 1 734 жолаушыға әсер еткен.

«Қазақстандық әуекомпаниялардың Парсы шығанағы елдеріне ұшуға бағытталған рейстерді тоқтата тұруы аймақтағы әскери-саяси жағдайдың күрт шиеленісуіне негізделген мәжбүрлі шара. Әуекомпаниялар қабылдаған шешім халықаралық тәжірибеге сәйкес қабылданды. Басты мақсат — жолаушылар мен экипаж мүшелерірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету», — делінген хабарламада.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, жолаушылар ыстық тамақ, қонақүй және трансфермен қамтамасыз етілгені айтылды.

«Тоқтатылған немесе кейінге шегерілген рейстер бойынша жолаушылар тегін қайта бронь қоя алады немесе әуе билеттерінің құнын толық қайтарып ала алады.

Көлік министрлігі әуекомпаниялармен бірлесіп жағдайды жіті бақылауда, қажет болған жағдайда жедел шешім қабылдап, кестені қайта қарау жұмысы жүргізіледі. Рейстер жақын арада қайта жүзеге асырала бастайды».

Қосымша ақпарат алу үшін келесі нөмірлерге хабарласу қажет:

Air Astana

  • help.airastana.com
  • +7 727 244 4477 (24/7)
  • +7 7172 584477 (24/7)
  • +7 702 702 4477 (24/7)
  • +7 7272 44 44 78 (24/7)
  • WhatsApp: +7 702 702 00 74 (24/7)Online chat: airastana.com (24/7)

SCAT

  • +7 7252 99 88 80
  • +7 701 738 25 76

«Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ +7 7172 79 82 15


ДЕРЕККӨЗ: TENGRINEWS