Ср. Янв 14th, 2026

Ол – жұлдыздар бір түсті фон аясында жанды дауыста ән айтатын немістің YouTube-арнасы. 

Әнші Yenlik культке айналған A COLORS SHOW музыкалық жобасына қатысқан алғашқы қазақстандық атанып отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ол бұл жобаға арнайы шақырту алған. Yenlik мұны көптен бері армандап жүрген еді.

– Ұсыныс келгенде бақыттан жылап жібердім. Бұрын өзіміз бірнеше рет өтінім беріп көргенбіз, бірақ нәтиже болмады. Ал бұл жолы COLORS мені өзі тауып алды, – деп ағынан жарылады әнші.

Yenlikтің сөзінше, табыстың сыры шынайылықта болып тұр. Шоудың командасын оның бірегей музыкасы мен қазақ тілі – жарқын локал сахнаның дауысына айналған стилі қызықтырған болуы ықтимал. Қалай десек те, қазақ тілінің көкжиегі кеңейе түсетін болды.

Түсірілімдердің жайлы камерлік ортада өтіп, бар-жоғы бірнеше сағатқа созылғаны жайлы ақпарат тарады. Ал өнер көрсетудің визуалдық коды ретінде арнайы бір түс таңдалған.

Әнші Yenlik жобаның әсерінен әлі арыла алмай жүргенін айтады.


Дереккөз: Inbusiness.kz