2025 жылы Қазақстанда 77 мыңнан аса бала дүниеге келген. Мұндай мәліметтерді бұған дейін Бірінші кредиттік бюро (БКБ) жариялады
Ведомство мәліметінше, бұл көрсеткіш былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 16 пайызға төмен. Ал 2014 жылдың бірінші тоқсанынан бері бұл ең төменгі көрсеткіш болып отыр.
Бұл ретте аман-есен туған нәрестелер саны бойынша айтқанда, бірінші тоқсандағы көрсеткіштер айтарлықтай төмен. Алайда соңғы толық 11 жыл ішінде бұл сан 90 мыңнан төмендеген емес. 2025 жылы туу көрсеткіші елдің барлық өңірінде төмендегені байқалады. Ең төмен көрсеткіштер Ақмола және Жетісу облыстарында тіркелген – тиісінше 22 пайызға және 20,1 пайызға азайған.
Жыл ішіндегі ең жоғары көрсеткіштер әдетте үшінші тоқсанда тіркеледі – ең жоғары туу көрсеткіші 2020 және 2021 жылдары байқалған.
Ауылдық жерлердегі жағдай одан да нашар – минус 18,1 пайыз, ал қалада – 14,2 пайыз.
Жалпы туу коэффициенті де төмендеген – қазіргі деңгей 15,39, бұл 2024 жылдың I тоқсанымен салыстырғанда 2,94-ке төмен.
Сондай-ақ, қайтыс болғандар саны 7,2 пайызға азайып, 31 мың адам болған.
ДЕРЕККӨЗ: TENGRINEWS