Қазақстан тарихта алғаш рет Азия ойындарында фристайл-акробатикадан алтын медаль еншіледі.
Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан 2025 жылғы Азия ойындарында фристайл-акробатикадан Қазақстан ерлер құрамасы елімізге екінші алтын медальді сыйлады.
Біздің спортшылар – Шерзод Хаширбаев пен Роман Иванов синхронды секіруде үздік атанып, бірден екі Қытай командасын артта қалдырды.
Екінші мүмкіндікте қазақстандық фристайлшылар 97,92 ұпай жинап, жарыстың жеңімпазы атанды.
Екінші орын Қытай құрамасына (93,48 ұпай) бұйырса, үшінші орынды да қытайлық спортшылар (91,57 ұпай) иеленді. Асан Асылхан мен Дінмұхаммед Райымқұлов 83,96 ұпаймен төртінші орын алды.
Айта кетейік, Қазақстан алғаш рет Азия ойындарының тарихында осы спорт түрінен алтын медаль жеңіп алды. Осыған дейін күміс пен қола жүлде бұйырған.
ДЕРЕККӨЗ: NUR.KZ