Вс. Сен 8th, 2024

Құрбан айт Ораза мерекесінен 70 күн өткен соң атап өтіледі.

Биыл Құрбан айт мерекесі 17 маусым, дүйсенбіге сәйкес келеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Тиісінше, бұл күн демалыс күні болып табылады.

Сонда қазақстандықтар Құрбан айтта үш күн – 15, 16 және 17 маусымда демалады.

Осылайша, маусымда бес күн жұмыс істейтіндер 11 күн демалады (1, 2, 8, 9, 15, 16, 17, 22, 23, 29, 30).

Ал алты күн жұмыс істейтіндер 6 күн демалады (1, 8, 15, 17, 22, 29).


Дереккөз: inbusiness.kz