Чт. Ноя 21st, 2024

Визасыз режим жұмыс істеуге, оқуға және миссионерлік қызметке құқық бермейді.

Сыртқы істер министрлігі Қазақстан мен Қытай арасындағы визасыз режим туралы келісімнің күшіне енуіне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Естеріңізге сала кетейік, келісім 10 қарашада күшіне енді.

Құжатқа сәйкес, екі елдің азаматтары жеке істер, туризм, емдеу, халықаралық тасымалдау, транзиттік және іскерлік мақсаттар үшін визалық талаптардан босатылады. Бұл ретте азаматтардың екi мемлекеттiң аумағында болу мерзiмi мемлекеттiк шекараны кесiп өткен кезден бастап күнтiзбелiк 30 күннен, ал 180 күнтiзбелiк күн iшiнде барлығы 90 күнтiзбелiк күннен аспауы тиiс. Егер азаматтарға 30 күннен астам тұру қажет болса, олар тиісті санаттағы кіру визасын алдын ала алуы керек.

«Визасыз режим жұмыс істеуге, оқуға және миссионерлік қызметке құқық бермейді. Жоғарыда аталған келісім ҚХР Гонконг және Макао арнайы әкімшілік аймақтарының аумағына баруға қолданылмайтынын ескереміз. Қазақстан азаматтары Гонконгке 14 күннен аспайтын мерзімге визасыз бара алады. ал Макаоға бару үшін визаға өтініш беру керек», делінген хабарламада.


Дереккөз: Inbusiness.kz