Оның кандидатурасын АҚШ Сенаты ресми түрде бекітті.
Әсел Робертстің кандидатурасын Ақ үй басшысы Дональд Трамп ұсынған болатын. Ол наурыз айында Сенаттың тиісті комитетінде әңгімелесуден өтті, деп жазады inbusiness.kz сайты.
АҚШ Сенатының ресми дерегінше, тағайындауды 46 сенатор қолдап дауыс берсе, 43 сенатор қарсы шыққан.
Әсел Робертс Жамбыл облысында дүниеге келген, ал балалық шағы мен мектеп жылдары Алматыда өткен. Кейін ол отбасымен бірге АҚШ-қа қоныс аударған.
Әсел Америкада мектеп бітіргеннен кейін, Джорджтаун университетінің халықаралық қатынастар факультетіне оқуға түскен. Студент кезінде Ақ үйде тағылымдамадан өтіп, кейін АҚШ мемлекеттік қызмет жүйесінде еңбек жолын бастаған.
1990 жылдардың соңынан бері Робертс АҚШ президентінің протокол департаментінде жұмыс істеген. Ол Ақ үйдегі қызметін Барак Обама әкімшілігі кезінде бастап, кейін Джо Байден тұсында да мансабын жалғастырған.
Әр жылдары Әсел америкалық мемлекеттік протокол жүйесінде жоғары лауазымдарды атқарды. 2021 жылы АҚШ мемлекеттік протокол қызметінің басшысы міндетін уақытша атқарушы болды.
Әсел Робертс – АҚШ тарихында елші дәрежесіне көтерілген тұңғыш қазақ қызы.
Дереккөз: inbusiness.kz