Пн. Окт 7th, 2024

​Бұл туралы Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің Бас хатшысы Андрей Крюков мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оның сөзінше, Ханчжоуда қазақстандық боксшылардың құқықтары бұзылған болуы мүмкін. Шағымдар Халықаралық Олимпиада комитеті мен Азия Олимпиада Кеңесіне жолданған.

Олардың жауаптарына сай Қазақстан Халықаралық спорт трибуналына одан әрі жүгіну туралы шешім қабылдайды.

«Төрешілердің боксшыға жақ болуы, оның жеке көзқарасы сынды дүниелер жекпе-жектің нәтижесіне әсер ете алмайды және әсер етпеуі тиіс. Себебі жекпе-жекті бағалау критерийлері PBU бокс ережелерінде нақты көрсетілген. Егер төрешілер Шымбергеновтің жекпе-жегін расында осындай қағидаттар негізінде бағалаған болса, онда бұл төрешілердің кәсібилігіне сын болады», — деді ҚР ҰОК Бас хатшысы.

Карина Ибрагимованың соңғы жекпе-жегіне тоқталар болсақ, бәсеке басталардан бір күн бұрын Қазақстанның талабы бойынша Азия Олимпиадалық кеңесінің медициналық комиссиясы шұғыл шақырылған.


Дерекөз: Inbusiness.kz