Пт. Ноя 22nd, 2024

Атырау облысының прокуратурасы табиғатты қорғау саласының басым бағыты болып саналатын қауіпті қалдықтар айналымына тұрақты қадағалауды жүзеге асырады.

«Каспий нефть» АҚ-ның 2021-2022 жылдары бұрғылау және кен орнын пайдалану қызметінде құралған 4500 тоннадан астам қауіпті қалдықтарға жинақталу лимитін алмағаны анықталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

«Прокурордың ұсынысын қарау нәтижесі бойынша Атырау облыстық сотының сот алқасының 02.07.2024 жылғы қаулысымен «Каспий нефть» АҚ Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 328-бабымен әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 13 684 868 730  теңге айыппұл салынды.

Прокуратураның принципті ұстанымы нәтижесінде әкімшілік айыппұл бюджетке өндіріліп, мемлекетіміздің Ұлттық қоры 13 684 868 730 теңгеге толықтырылды», — делінген Атырау облысы прокуратурасының хабарламасында.


Дереккөз: inbusiness.kz