Ол – жұлдыздар бір түсті фон аясында жанды дауыста ән айтатын немістің YouTube-арнасы.
Әнші Yenlik культке айналған A COLORS SHOW музыкалық жобасына қатысқан алғашқы қазақстандық атанып отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Ол бұл жобаға арнайы шақырту алған. Yenlik мұны көптен бері армандап жүрген еді.
– Ұсыныс келгенде бақыттан жылап жібердім. Бұрын өзіміз бірнеше рет өтінім беріп көргенбіз, бірақ нәтиже болмады. Ал бұл жолы COLORS мені өзі тауып алды, – деп ағынан жарылады әнші.
Yenlikтің сөзінше, табыстың сыры шынайылықта болып тұр. Шоудың командасын оның бірегей музыкасы мен қазақ тілі – жарқын локал сахнаның дауысына айналған стилі қызықтырған болуы ықтимал. Қалай десек те, қазақ тілінің көкжиегі кеңейе түсетін болды.
Түсірілімдердің жайлы камерлік ортада өтіп, бар-жоғы бірнеше сағатқа созылғаны жайлы ақпарат тарады. Ал өнер көрсетудің визуалдық коды ретінде арнайы бір түс таңдалған.
Әнші Yenlik жобаның әсерінен әлі арыла алмай жүргенін айтады.
Дереккөз: Inbusiness.kz