Пт. Дек 6th, 2024

Қазақстан-Британ техникалық университеті қоғамдық қордың оқу орнын сәтті басқару моделінің үлгісіне айналды.   

Еліміздегі беделді жоғары оқу орындарының бірі – ҚБТУ қабырғасында өткен ауқымды баспасөз турына масс-медианың көптеген өкілі, танымал блогерлер, саясаттанушылар мен сарапшылар жиналды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Шараға қатысушылар Қазақстан тарихында аса маңызды шешімдер қабылданған ғимаратқа барып, университеттің аудиториялары мен зертханаларында оқу процесін бақылауға бірегей мүмкіндік алды.

Қазақстан-Британ техникалық университетіндегі мамандарды оқыту сапасы еліміздің жетекші жоғары оқу орнына айналдырды. Мұнда мұнай-газ өнеркәсібі және жоғары технологиялар саласында мамандар даярланады. Іс-шара Қазақстан мұнай-газ саласының 125 жылдығы атап өтілетін тұста әрі күні қарсаңында ерекше символдық мәнге ие.

NNEF «University Alliance of Science and Technology» қоғамдық қоры ЖОО альянсының жетекшісі Майра Хусаинованың сөзінше, NNEF қоғамдық қоры жұмысының негізгі қағидаты – Қазақстанда үздіксіз білім берудің табысты экожүйесін дамыту, жоғары оқу орындарының студенттері мен оқытушыларына барынша қолайлы жағдай жасау.

«Айта кету керек, мектептер, балабақшалар немесе университеттер –  біздің білім беру мекемелерінің қызметінен түсетін барлық кіріс оларды одан әрі дамытуға және жаңғыртуға бағытталады. Біз дивидендтерді акционерлерге бөлмейміз, керісінше акционерлер студенттер мен оқытушыларға барынша қолайлы жағдай жасау мақсатында оқу орындарымызға барлық пайданы толығымен қайта инвестициялау туралы шешім қабылдайды. Қордың күшімен Қазақстанда екі жастан бастап күміс жасқа дейінгі үздіксіз білім берудің бірегей экожүйесі құрылып, оның құрамына үш балабақша, төрт мектеп, ҚБТУ, Astana IT University, Energo University, UIB, ХАТУ сияқты бес университет, сондай-ақ маңызды әлеуметтік жоба – «SOS Қазақстан балалар ауылдары» кіреді», — деді Майра Хусаинова.

Жоғары оқу орындары альянсының басшысының айтуынша, NNEF қоғамдық қорының басты миссиясы – қазақстандық балалар мен азаматтарға отанында жоғары әлемдік стандарттарға сай жоғары деңгейлі білім алуға мүмкіндік беру.

«Бұл біз үшін өте маңызды сәттің бірі. Себебі біз ең әуелі балаларымыз үшін, ертең экономикаға келіп, мемлекетті басқаратын ұрпағымыз үшін жұмыс істейміз», — деді Майра Хусаинова.

NNEF қорының басқаруымен Қазақстан-Британ техникалық университеті дамуға қуатты серпін алды. Соңғы жылдары ғана қор университеттің дамуына заманауи оқу және ғылыми зертханалар құруға, 980 орындық екі жаңа жатақхана мен ауданы 2400 шаршы метр спорт кешенін салуға, сондай-ақ университеттің материалдық-техникалық базасын жақсартуға бағытталған 11 млрд теңге инвестиция құйды.

ҚБТУ ректоры Маратбек Ғабдуллин айтып кеткендей, бұл инвестициялар университет алдында жаңа мүмкіндіктер ашып, оны ұрпақтар сабақтастығының символына ғана емес, тарихи мұра мен заманауи технологияларды қалай тиімді біріктіруге болатынының үлгісіне айналдырды.

«Біз ҚБТУ-дың осындай маңызды тарихи ғимаратта орналасқанын мақтан тұтамыз.  NNEF қоры бізге осындай бірегей нысанды дамытуға көмектесетіні үшін мақтан етеміз. Соңғы жылдары біз білім беру бағдарламаларының санын 16-дан 68-ге дейін ұлғайтып, 35-тен астам заманауи зертханалар ашып, студенттер үшін жақсы жағдай жасадық. Біздің мақсат – ҚБТУ-дың әрбір студентінің өз саласында көшбасшы атануы, осы мақсатқа жету үшін қолдан келгеннің бәрін жасаудамыз», — деді ЖОО ректоры.

Альянсқа кіретін университеттердегі білім сапасы осы ЖОО түлектерінің отандық еңбек нарығында жоғары сұранысқа ие екендігін растап отыр. Университет басшылығының дерегінше, ҚБТУ-дың 95%-ы осы ЖОО қабырғасында оқыған мамандықтар бойынша жұмыс істейді. Университетте оқыған қазақстандықтардың бір бөлігі мұнай-газ және IT-саланың жетекші шетелдік компанияларында еңбек етеді.

ҚБТУ студенттерінің инновациялық жұмыстары елдің халық шаруашылығында пайдаланылаып, ал университеттер альянсы әзірлеген жаңа мамандықтарды оқыту бағдарламалары көптеген қазақстандық ЖОО-лардың оқу процестеріне енгізілген.

ҚБТУ-дың мұнай-газ саласындағы ірі шетелдік компаниялармен ынтымақтастығы университет студенттеріне әлемнің жетекші өндіруші компаниялары қолданатын заманауи жабдықтар мен бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалана отырып оқуға мүмкіндік береді. Атырау облысындағы Айранкөл кен орнында орнатылған мониторинг жүйесі онлайн-режимде ҚБТУ студенттері мен оқытушылары оқу процесінде пайдаланатын деректерді береді.

ҚБТУ теңіз флотының болашақ инженерлері мен отандық флот үшін кеме жүргізушілері оқытылатын алғашқы қазақстандық университет атанды.

«Университетте орнатылған жабдықтар мен ҚБТУ Қазақстан теңіз академиясының оқытушылар құрамы лицензия алғаннан кейін Каспий флотилиясының кемелерінде, сонымен қатар әлемнің түрлі елдеріндегі шетелдік флоттың кемелерінде жұмыс істейтін әлемдік деңгейдегі түлектерді дайындайды», — деді декан Рамиль Бикташев. 

Академия деканы айтқан көлік министрлігінің мәліметіне сәйкес, қазір қазақстандық флот экипаждарының 60%-дан астамы ҚБТУ түлектерімен жасақталған.

ҚБТУ жоғары технологиялық салалар үшін мамандар даярлаудың жетекші орталығы ретінде университеттің ақпараттық технологиялар және инженерия мектебінде IT-мамандықтардың қазақстандық студенттерін оқытуға ерекше назар аударады.

Ең озық жабдықтармен жабдықталған мектептің бірнеше зертханасы студенттерге оқытушылармен бірге алған теориялық білімдерін тәжірибеде пысықтауға мүмкіндік береді, ал жетекші шетелдік жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық студенттерге халықаралық жобалар мен алмасу бағдарламаларына қатысуға мүмкіндік береді, бұл олардың жаһандық еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілігін арттырады.

«Біз студенттер өз идеяларын жүзеге асыра алатын, жаңа технологияларды қолдана алатын және болашақта нақты мәселелерді шешуге дайындалатын жағдайлар жасауға тырысамыз. Біздің халықаралық серіктестермен ынтымақтастығымыздың арқасында студенттер тек теориялық дайындықтан ғана емес, сонымен қатар бірегей практикалық тәжірибе алады», — деді Ақпараттық технологиялар және инженерия мектебінің деканы Азамат Иманбаев.

«ҚБТУ білім ғана емес, ел болашағын қалыптастыратын тарих пен инновациялардың синтезі. Жеке қор арқылы ЖОО-ны тиімді басқару студенттер мен оқытушылардың, бүкіл Қазақстанның дамуы үшін оңтайлы жағдай жасауға мүмкіндік беретініне сенімдіміз», — деді NNEF «University Alliance of Science and Technology» ҚҚ ЖОО альянсының басшысы Майра Хусаинова.

«Халық» қоры мен Тимур Құлыбаевтың өзі NNEF қорының барлық білім беру жобаларын дамытуға белсенді қолдау көрсететінін, білім беру сапасын жақсартуға және қазақстандықтарды оқыту үшін заманауи жағдайлар жасауға бағытталған жаңа жобаларға бастамашылық жасайтынын атап өткен маңызды.


Дереккөз: Inbusiness.kz