Пн. Окт 7th, 2024

Америкалық ведомство қазақстандық диқандар 12 миллион тонна өнім жинайды деп санайды. 

АҚШ Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстан Республикасындағы егіннің азаюы туралы болжамдарды жаңбырмен және жиналған дәнді дақылдарды кептірудің шұғыл қажеттілігімен байланыстырады. Бұл туралы inbusiness.kz сайты ars.usda.gov порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомство басшылығының болжамы бойынша, Қазақстан 2023-2024 маркетингтік жылдарында 12 миллион тонна егін жинайды.

Сондай-ақ, АҚШ Ауыл шаруашылығы министрлігі биылғы маусымда егіс көлемі өзгермегенімен (13,6 млн га), бидай шығымдылығы 31%-ға төмендеп, гектарына 0,88 тоннаны құрағанын атап көрсетеді.

Бұл ретте, америкалық ведомствоның бидай экспорты бойынша желтоқсандағы болжамы қарашадағыдай 10 миллион тонна, ал импорт бойынша 2 миллион тонна деңгейінде қалды.


Дереккөз: Inbusiness.kz